Көп балалы аналарды қабылдап, талап-тілектерін тыңдады

0

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев Тараз қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығында көп балалы аналарды қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.

Қабылдауға жазылған тұрғындар түрлі мәселелерді алға тартты. Бірі коммуналдық төлемге бөлінетін 15 мың теңгеге әлі қол жеткізе алмай жүргенін айтса, бірі перзентін балабақшаға орналастырғысы келетінін тілге тиек етті. Енді бірі мектепте оқитын ұл-қыздарының әрқайсысына ұялы телефон берілсе деген өтінішін жеткізді.

Әрбір көтерілген мәселеге байланысты заң шеңберінде нақты жауап берілді. Мысалы, пәтер кезегін жылжыту туралы айтқан аналарға бұл шаруаның тек ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның аясында шешілетіндігі түсіндірілді. Кейбір шағымдар бойынша жергілікті атқарушы органдармен зерделеу жұмыстары жүргізілетін болды.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.