Бүлдіршіндер сынға түсті

0
Ата Заңымыздың 25 жылдығы қарсаңында аудандық тарихи-өлкетану музейі «Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» Жамбыл аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі балалар арасында қашықтықтан қолөнер байқауын ұйымдастырды.
Шараға белсене қатысқан бүлдіршіндер мерекенің мәні мен мазмұнын ашуға тырысты. Олар Ата Заңды айшықтайтын құндылықтарды, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді түрлі-түсті қағаздармен және басқа заттармен бейнеледі.
Өнерлі өрендердің жұмысын аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Асқар Сырлыбаев, «Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» Жамбыл аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының уақытша міндетін атқарушы Бота Кулдасова бағалады.
Нәтижесінде, бірінші орынды Бесжылдық ауылы­ның тұрғыны Нұртаза Бітән жеңіп алса, екінші орын шайқорықтық Дидар Қырықбайға бұйырды. Ал, үшінші орынды Аса ауылынан Әділ Ерназар иеленді.
Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.