Өнімдер арзан бағада сатылды

0
Кеше аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің ұйытқы болуы­мен аудан орталы­ғында ауыл шаруашылығы жәр­меңкесі өтті.
Жәрмеңкеге қанатқақты жоба аясында құрылған «Іске сәт» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, ауылдық округтердегі қожалық иелері мен диқандары өз өнімдерін бастапқыдан әлдеқайда арзандатылған бағамен сатылымға шығарды.
Жәрмеңкеде 180 кг сиыр еті, 1000 кг шұжық, 50 кг балық, 30 литр қымыз-шұбат, 5000 дана жұмыртқа, 100 кг кондитерлік өнімдер, 750 литр сүт, 2500 кг пияз, 9900 кг картоп, 1300 кг сәбіз, 2600 кг қарбыз, 3220 кг қызанақ, 2400 кг қияр, 150 кг қырыққабат, 1000 кг арпа-бидай, 2050 кг алма, 300 кг қызылша сатылды.
Орталық алаңға арнайы келген аудан әкімі Сәкен Арубаев пен орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы тауарлардың қолжетімді бағада саудалануын назарға алып, өнімнің сапасына мән берді.
Өз кезегінде тұрғындар аудан азаматтарына алғысын білдіріп, келесі жәрмеңкені тағатсыздана күтетіндерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.