Білім күні аталып өтті

0

Мектеп – жарқын болашаққа жол бастайтын білім ұясы. Жеткіншектердің бар ерік-жігерін талапты білімге бағыттауды тың әдісін түйіндеген Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің ұжымы алғашқы қоңырау мерекесін ерекше бағытта өрбітті.

Адам саны аз, сап түзегін оқушылар мен сыңғырлаған қоңырау үні соғылмады. Себебі талап солай, арақашықтың сақтаулы, санитарлық талап, көп адамның шоғырланбауы бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Аталмыш білім ордасына биыл 1-4 сыныптар аралығын қамтитын 162 оқушы аяқ басады. Бұл мектеп ҰБТ көрсеткішімен соңғы жылдары көш бастап тұрған білім ұясы. Ерекше білім беру тәжірибесі қалыптасқан лицейге арнайы келген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов салтанатты шара басында «Достық. Отаншылдық. Тәрбие.» атты тәрбие сағатын өткізді. Осыдан-ақ, білім ордасының білім беру жүйесінде айрықша орны бар екені аңғарылады.

Біз озық тәжірибе қалыптасқан мектептің алғашқы білім күні қалай өткізілгеніне куә болдық. Көңілге білім шуағын шашқан кеште ауыл әкімінің орынбасары Ертай Бозымбеков, мектеп директоры Дәметкен Бегманова және ата-аналар қауымы алғаусыз тілегін жеткізді. Осылайша бұл күні мектеп шәкірттері мен ұстаздардың кеудесін толқу мен қуаныш сезімі кернеді.

Жаңа 2020-2021 оқу жылы барша білім алушыларға құтты, жетістігі мол жыл болсын дейміз!

Жамбыл ауданы баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.