Жолдау жүктеген міндетті жүзеге асыру — ортақ іс

0

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Арубаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кеше халыққа жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауынан туындаған жаңа міндеттерді жүзеге асыру жоспарын құру, осы орайда өңірде іске асырылатын жобаларды пысықтау мақсатында актив жиналысын өткізді.

Аудан әкімдігінің бөлім, мекеме-ұйым басшылары қатысқан басқосуда аудан әкімі Сәкен Арубаев ел Президентінің Жолдауында айтылған негізгі басым бағыттарды атап өтіп, аудандағы атқарылуы тиіс жұмыстарды әр сала басшыларына нақтылап тапсырды. Дәлірек айтқанда, азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әл-ауқатын көтеру бойынша аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығының басшысы Асқар Жанқоразовқа мердігер компаниялармен келісімшарт жасасып, жұмыссыздықты азайтуды ескертті.

Сонымен қатар жиында көтерілген мәселелер – ауыл шаруашылығы саласы, құрылыс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы әртараптандыру жайы кеңінен сөз болды.

Актив отырысында өңір басшысы бұдан бөлек бастауыш сыныптарды оқытуға мүмкіндігі бар мектептерді анықтап, дәстүрлі түрде сабақ өткізу үшін аудан әкімдігінің білім бөліміне нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.