Конституция күніне орай конкурс өтті

0

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған 2020 жылдың 28 тамызы күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде мерекелеуге арналған iс-шаралар өткiзiлдi. Биылғы дүниежүзілік пандемия жарияланғандықтан, короновирус жұқтыру қаупін алдын-алу мақсаттында іс-шараны сурет салу конкурс түрінде өткізу ұйымдастырылды, конкурстың мақсаты: сотталғандар арасында құқықтық білімді насихаттау, қоғамдық өмірге қатыстыру, азаматтардың ата заңын білуге қызығушылығын ояту, ізденуге итермелеу, эстетикалық тәрбиелеу және сурет салуға бағыт беру. Сонымен қатар, сотталғандар арасында жағымды әлеуметтік-психологилық ахуалды орнату.
Сурет салу конкурсына №1, 2, 3 жасақтан, сотталған — Ибрагимов А, Лесник Владимир қатыстырылды, конкурстың нәтижесін комиссия мүшелері анықтады, комиссия мүшелеріне: тәрбие жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары, әділет майоры – Даулеткулов Амиржан Бақытович, САТжӘПЖ бөлімінің бастығы, әділет майоры – Ракишев Мейірғали қатысып, шешім шығарды.

Нәтижесінде, шығармашылық тапқырлығын көрсете білген Ибрагимов Ади, Лесник Владимир, Севергин Антон жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.