Пробация қызметкеріне 20 мың теңге көлемінде пара ұсынған азаматша ұсталды

0

Жамбылда пробация қызметкеріне пара беру жайтының жолы кесілді, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Сарысу ауданының тұрғынына қатысты көрінеу заңсыз әрекеттер жасағаны үшін лауазымды тұлғаға пара беру жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылған А есімді азаматша Сарысу аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Айбек Ниязымбетовке тәртіптік жауапкершілікке тартпауы және бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін материалдарды сотқа жібермеуін сұрап пара ретінде 20 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге ниет білдірген. Пробация қызметкері аталған жайт бойынша Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне және аталған департаментің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Нәтижесінде пробация қызметкерінің кабинетінде пара беруші ақшаны ұсынып жатқан кезінде ұсталды.

— Пара беру үстінде ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық істі ҚІБ тәртібінде аяқтау туралы мәселе шешілуде. Жалпы, мұндай факт жыл басынан бері 3-ші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін ЖД-158/1 және ЖД-158/2 мекемелерінің қызметкерлеріне пара ұсынғандар құрықталған, — деді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Бекболат Ескеев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.