Жас маманмен жүргізілген жұмыс

0

Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет ететін жандарға қойылатын талап жоғары. Сол себепті, бұл салада жұмыс істеуді қалайтын әрбір жас күн сайын өз-өзін жан-жақты дамытып отыруға тиіс. Бұдан бөлек, ҚАЖ саласында тәжірибесі мол жандардан тәлім алып, олардан үйренгенін жұмыс бабында іске асыру қажет-ақ.

Жамбыл облысы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде тағылымдаман өтуші Ажар Ерімбетоваға мекеменің арнайы есеп бөлімінің технигі Аида Досманбет санитарлық талаптарды сақтай отырып, күнделікті жұмыс барысын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізеді.

Жас маманмен жұмыс жүргізу барысында оның тәжірбиесін жетілдіру, кәсіби білімін, игерген дағдыларын іске асыруға сондай-ақ өз жұмысына тиянақты қарауға, жаңашылдыққа бейімдеуге баса назар аударылады.

Құндыз АХАШЕВА,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы

Leave A Reply

Your email address will not be published.