Заңды бұзған азаматша құрықталды

0

Оқиға Тараздағы ЖД-158/1 мекемесінде орын алған. 1988 жылы туылған азаматша К есімді азаматша тергеу изоляторындағы күйеуіне азық-түлік арасына жасырылған есірткі өнімін беріп жібермекші болған.

Мекеменің қабылдау бөлмесінде орын алған оқиға барысында азаматшаның әкелген сәлем-сауқатының арасынан түйіршіктелген қара және жапырақты жасыл шайдың арасында жасырылған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Жүргізілген сот-химиялық сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 3,25 граммды құрайтын «Гашиш» есірткісі екендігі анықталды. Аталған факт Тараз қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ЖД-158/1 мекемесінің жедел бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.