Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі

0

Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы,айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі-ұлттың тілі,діні,ділі.Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да-тіл. Ол-қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті,жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай.

Тіл –ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі.Қазакстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қамқор жасау бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылдаған бағдарлама мен іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет.

Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сйлемеуі-қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай,соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей. Тілге құрмет-қазаққа елге құрмет екенін естен шығармайық. Ана тіліміздің асылын ардақтап, қадірлей білсек ата – бабалар рухына адалдығымыз еме пе?! Тіл –ұлттың тірегі, рухы мен намысы. Оның әлемдегі тілдер арасынан ойып тұрып орын алуы-баршамыздың арманымыз.

Ендеше, Президентіміздің салиқалы саясатымен еліміздің болашағы да, тіліміздің болашағы да өркендей береді деп сенеміз. Тілдің тағдыры-баршамыздың қолымызда.

 

М. Кожамжаров,

               Жамбыл облысы 

Әділет департаментінің бас маманы  

Leave A Reply

Your email address will not be published.