Праймериз – нағыз әлеуметтік лифт

0

Құрметті таластықтар!

Өздеріңіз білетіндей, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясы праймериз, яғни партияішілік сайлау өткізуді қолға алды.

Аталған партияішілік іріктеудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелі және айқын негізде мықты көшбасшыларды анықтау болып табылады.

«Мықты лидерлер — мықты партия» қағидатымен бастау алған бұл ірі масштабтағы бастама, ережеге сәйкес, 5 кезең бойынша өткізілмек. Атап айтқанда:
1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу;
2) кандидаттарды үгітке даярлау;
3) үгіт жұмысы;
4) дауыс беруді өткізу;
5) тізімдерді дайындау.

Ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап кандидаттарды тіркеу басталып кетті. Бұл жаңашыл бастаманың ерекшелігі елдің қолдауына ие болған осы уақытқа дейін партия қатарында болмаған, сайлау құқығы бар кез-келген жерлесіміз қатыса алатындығы. Бұдан бөлек Елбасы еліміздің сайланбалы органдарында әйел азаматтардың үлесін 30%-ға жеткізуді тапсырған болатын. Яғни, партиялық тізімдердің сапалық құрамында әйел азаматтардың үлесі кем дегенде 30 пайыз және 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20 пайыз болуы шарт. Сонымен қатар партияішілік іріктеу көпбалалы аналардың, қандастардың (оралмандардың), ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да әлеуметтік топтардың барлығына бірдей өз мүдделерін білдіруге мүмкіндік береді.Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз үндеуінде атап өткендей, праймериз – бұл нағыз әлеуметтік лифт.

Сондықтан, осы берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, өз еңбегін еліне арнап, туған жері үшін аянбай тер төгіп қызмет ететін шынайы патриоттар мен креативті әрі жауапкершілігі мол жерлестерді праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!

Бақыт Қазанбасов,

«Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиаляның төрағасы, аудан әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.