Сарысуда «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы аясында 24 жоба жүзеге асырылмақ

0

Бағдарламаның мақсаты- жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.
Ауданда жуық арада жасалуы тиіс жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы аясында 24 жоба жүзеге асырылмақ. Сарысу ауданында Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Жұмыспен қамтудың жол картасымен инфақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Сарысу ауданына бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 24 жобаны қаржыландыру үшін –2 924 186,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Олар: Білім беру саласы бойынша 2 нысан 175 336,0 мың теңге,
-Ақтоғай орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу -157527,0 мың теңге;
-Жанна балабақшасы МКҚК ғимаратын күрделі жөндеу»-17809,0 мың теңге;
Денсаулық сақтау саласы бойынша 3 нысан 654056,0 мың теңге,
-Сарысу аудандық орталық ауруханасы КМҚК жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеу»-321623,0 мың теңге;
-Орталық аудандық аурухананың ғимаратына күрделі жөндеу (лит А1 бас корпусы, Лит А8 емдік корпусы)-103645,0 мың теңге;
-Сарысу ауданының орталық аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК Саудакент ауылының бөлімшесі ғимаратын ішінара күрделі жөндеу-228788,0 мың теңге;
Тұрғын үй саласы бойынша 2 нысан 939228,0 мың теңге,
-Жаңатас қаласы «2» шағын ауданындағы №24 үйді қайта жаңғырту-469254,0 мың теңге;
-Жаңатас қаласы «2» шағын ауданындағы №26 үйді қайта жаңғырту-469974,0 мың теңге;
Сумен жабдықтау жүйесі бойынша 2 нысан 610507,0 мың теңге,
-Жаңаталап ауылын сумен жабдықтау құрылысы -260107,0 мың теңге;
-Ұйым ауылын сумен жабдықтау құрылысы -350400,0 мың теңге;
Жылыту жүйесі бойынша 2 нысан 60 283,0 мың теңге,
-Жаңатас қалалық қазандықты ағымдағы жөндеу-41 962,0 мың теңге;
-Жаңатас қалалық қазандықтың РМУ ағымдағы жөндеу жұмыстары-18 321,0 мың теңге;
Абаттандыру бойынша 2 нысан 113 336,0 мың теңге,
-Жаңатас қаласындағы 3 мөлтек аудандағы үйлердің алдын абаттандыру-25 000,0 мың теңге;
-Жаңатас қаласына жол жиектерін, аркалар мен арық науалар орнату-88 336,0 мың теңге;
Жолдар бойынша 8 нысан 180 080,0 мың теңге,
-Ә.бүркітбаев ауылындағы Түркістан көшесін орта жөндеу-22 200,0 мың теңге;
-Арыстанды ауылының бойындағы жолды орташа жөндеу-16 000,0 мың теңге;
-Жаңаталап ауылындағы Сәдуақасов көшесін жарықтандыру және жол жабындысын орташа жөндеу -25 000,0 мың теңге;
-Жайылма ауылындағы Б. Серікбаев көшесінің жол жабындысын жөндеу-36 260,0 мың теңге;
-Қызылдихан ауылындағы Қызылдихан көшесінің жол жабындысын орташа жөндеу-31 789,0 мың теңге;
-Ақтам ауылындағы Ақтам көшесінің жол жабындысын орташа жөндеу-9 351,0 мың теңге;
-Үшарал ауылындағы Елімбай көшесінің жол жабындысын орташа жөндеу-26 644,0 мың теңге;
-Майлыкөл ауылы Майлыкөл көшесінің жол жабынын орташа жөндеу– 12 656,0 мың теңге;
Каналдар бойынша 3 нысан 191 360,0 мың теңге,
-Жайылма ауылындағы Бүркітті су арнасын ағымдағы жөндеу, 8,4 км., 1193га.-45 597,0 мың теңге;
-Сарыөзек каналын ағымдағы жөндеу-46 095,0 мың теңге;
-Ұйым ауылындағы «Жаңа Қаритоған» каналын ағымдағы жөндеу 1-2 кезең-99 668,0 мың теңге;
Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, барлық жобалардың жеңімпаздары анықталды.Қазіргі таңда 24 жоба бойынша жұмыс басталды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша 412 адам жұмысқа жолдама алды.
Сарысуауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 24 жоба жүзеге асады. Осылайша мәселелер жоспар аясында кезең-кезеңімен толық шешілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.