Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0

Тағдырдың тәлкегімен темір торға тоғытылғандардың қоғамға қайта бейімделуі қиын. Сол себепті, оларға арнайы мамандардың көмегімен психологтардың қолдауы аса қажет. Бұл ретте түзеу мекемесі қызметкерлерінің де еңбегі орасан.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оларға құқықтық көмек көрсету мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Мұрат Әмреевпен «Скайп» бейнебайланыс жүйесі арқылы онлайн кездесу өткізілді.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» аясында жүздесу барысында қала әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы бостандыққа шыққан азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін көмек туралы толығырақ айтып өтті.

Айта кетейік, аталған іс-шараның басты мақсаты — жаза мерзімін өтеп жүрген сотталғандарды бостандыққа даярлау, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету және түзеу мекемесінен босатылған сотталғандарды жұмыспен қамту болып табылады.

Мадияр МАХАНОВ,
ЖД-158/5 мекемесі САТАПЖБ бастығы әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.