Рахат Сапаралиеваның шеберлік сағаты өтті

0

Жамбыл облысының «Рухани жанғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасы аясында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, өңірімізге белгілі суретші  Рахат Сапаралиеваның шеберлік сағаты  өткізілді.

Карантиндік режимді сақтай отырып, табиғат аясында өткізілген шараның мақсаты – ұлттық шығармашылықты қолдауға бағытталған. Осыған орай, жас қылқалам шеберлері суретшінің туындыларымен танысып, акрилды  бояу түрімен сурет салды.

Сондай-ақ, бүлдіршіндер ойда жүрген  әр түрлі сұрақтарына жауап алып, қызықты әңгіме жүргізді. Шара соныңда қатысушыларға сертификаттар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.