Интеллектуалды «Саналы Talks»

0

Интеллектуалды жобаның негізгі мақсаты – бірегей идеяларды таратуға жол ашу. Талқыланатын тақырыптары әр түрлі: ғылым, өнер, дизайн, саясат, мәдениет, кәсіпкерлік, ғаламдық мәселелер, технология және ойын-сауық. Бұл іс-шараға қаламыздағы зиялы қауым өкілдері қатысты. Осыған дейін Саналы Talks ашық алаңында кәсіпкерлер, жас ғалымдар мен дәрігерлер, мұғалімдер мен жас полиглоттар да өздерінің идеяларымен бөлісті.

Аталған жоба 2016 жылы жас белсенді Ерғали Әбуғали Рүстемұлының бастамасымен пайда болған. Сол уақыттан бері Саналы Talks жобасы жастардың арасында танымалдылыққа ие. Жобада 4 спикер 4 түрлі тақырыпта сөз қозғайтын болады. Бұл дегеніміз бір кештің өзінде қатысушы 4 түрлі тақырып жайында біліп шығады деген сөз.  Қазіргі таңда жоба онлайн форматта өтіп жатса да, өз көрерменін жоғалтпауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.