Байзақта ең алғашқы ауылдық “Ашық әкімдік” жобасы іске қосылды

0

Байзақ ауданында жергілікті атқарушы органдар халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңа форматына көшіп жатыр. Осы бағытта Бурыл ауылдық округі аппаратында «Ашық әкімдік» алаңы ашылды. Әкімдік жаңа форматтағы жұмысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық департаментімен бірігіп жүзеге асырып отыр.
Ашық әкімдік алаңының ашылуына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев және аудан әкімі Нұржан Молдиярұлы қатысты.
Орталықта, мамандар келушілерге жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар мен құрылыс, жол сынды мәселелер бойынша кеңес беріп, қызмет көрсететін болады. Келушілер үшін күту залы, тегін wi-fi мен арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналастырылыпты. Сонымен қатар мұнда ауыл әкімі мен орынбасарлары тұр¬ғындармен «Ашық диалог» форматында жұмыс істеу үшін open space залдары құрылған екен. Онда ауыл әкімінен бөлек, оның орынбасарлары өз салалары бойынша апта сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Мемлекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіріп, басқару жүйесінің тиімділігін арттырады.Биылғы жылы 6 ауыл әкімдігі осы форматта жұмыс жүргізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.