«Шұғыла» қоғамдық қоры аудан ауруханасына 5 тыныс алу аппаратын сыйлады

0

Ел басына түскен қиын сәтте, жомарт қолды азаматтар да қол ұшын созып, көпке көмегін көрсетуде.
Ұлтымыздың қанында бар қайы­рымдылықты берік ұстанған ізгі ниетті азаматтар індетпен күрес шарасына білек сыбана кірісіп кетті.
Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті.
Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Адам ұрпағына қайырымды­лықты жастайынан үйретіп, адам­гершілік қасиеттерге баулуға ұмты­лады.
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмектің, ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Осындай ұстанымыды ұстанған «Шұғыла» қайырымдылық қоры тарапынан аудандық ауруханасына 5 оттегі концентраторы табыс етілді.
— Індет белең алып тұрғанда, мұндай оттегі концетраторы науқастар үшін пайдасы зор. Адам өкпесі зақымданғанда оттегі жетпей қиналады. Бұл аппарат көптеген адамның өміріне араша болады,-деген бас дәрігер Б.Бегманова өз кезегінде індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, көмек қолдарын созған қорға, кәсіпкерлерге аурухана ұжымдары алғыстарын білдірді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.