Бағдарлама баспанасыз қалдырмайды

0

Тұрғын үй мәселесі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-I «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның аясында жүзеге асырылады. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік корсетілетін қызметі аясында Тараз қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою төрт тізімнен тұрады. Олар:
1.Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары — 1
1-1.Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 1923
1-2. Көп балалы отбасылар — 1997
2. Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер — 5911
3. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар — 0
4. Әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар — 8986
Жалпы бүгінгі күнде мемлекеттік қордан түрғын алу кезек тізімінде – 18818 азамат кезекке тіркелген.
Тұрғын-үй коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектар жерде шамамен 8500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйлерді құрайтын 15-мөлтек ауданы бой көтеруде. Бүгінде алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда.
Қазіргі таңда алқапта 26 тұрғын үй немесе 2020 пәтер халық игілігіне берілді. Оның ішінде, 22 ипотекалық тұрғын үй және 4 коммуналдық арендалық үй.
Бүгінгі күнге, 4 арендалық үй мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізімінде тіркелген азаматтарға берілді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында аталған аймақтағы 80 және 60 пәтерлі көп қабатты 22 ипотекалық тұрғын үйден барлығы 1700 пәтер сатылымға ұсынылды.
1034 пәтер «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) және «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатылып, мемлекет қорына 7,6 млрд теңге көлемінде қаражат құйылды. Ағымдағы жылға жоспарланған қаражат көлемі 666 пәтер бойынша 5 млрд тг.
Сатылымдағы 666 пәтердің, 584 пәтері «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) арқылы сатылымда, пәтерлер 2019 жылы пайдалануға берілген. Бағасы шаршы метріне 140 000 теңге.
«7-20-25» бағдарламасы аясында 5-ші қабаттағы 1,2 бөлмелі 82 пәтер екінші деңгейлі 7 банк арқылы сатылымда, пәтерлер 2018 жылы пайдалануға берілген. Бағасы шаршы метріне 116 000 теңге.
360 пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) салымшылар арасынан бекітіліп, алдағы уақытта 2,3 млрд тг жуық қаражат мемлекет қорына құйылады деп жоспарлануда
Сонымен қатар, «Арай-2», «Бәйтерек», 15-шағын аудандарда 54 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Оның ішінде 22 ипотекалық және 32 коммуналдық арендалық тұрғын үй. Жалпы 3025 отбасы алдағы уақытта жаңа пәтерге қоныстанады.

Ғ. Ералиев, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.