Түн қараңғысын пайдаланып, түрме аумағына түйіншек лақтырмақ болған

0

Ағымдағы айдың 4-і күні түнгі сағат 00:10 шамасында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесіне тиісті аумақта 1995 жылы туған Е. есімді азаматы қолға түсті. Қызметкерлер күдікті тұлғаны мекеменің «Төрткүл» тұрғын алқабы жақ бетінде ұстаған.
Қолға түсіру жұмыстарын мекеме қызметкерлері жедел ақпарат бойынша №1 бөлімше аумағында жүргізген. Нәтижесінде, ұсталған Тараз қаласының тұрғыны орта қауіпсіздіктегі мекеме қоршауынан скотчпен оралған 5 түйіншек лақтырмақ болғаны анықталды.
Аталған декер бойынша Тараз қалалық Полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, жоғарыда аталған түйіншектер ашылған. Тексеру барысында онда ерекше иісі бар жасыл зат оралғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тәркіленген затты толық тексеру мақсатында сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Орын алған жағдайға байланысты Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков
сотталғандармен жұмыс жүргізілетінін, түзеу мекемелері аумағына тыйым салынған заттардың түспеуі қатаң бақыланатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.