Таразда кезекті 140 отбасыға азық-түлік табысталды

0

Ағымдағы жылдың 4 тамызында Тараз қаласы әкімдігінің қолдауы мен жамбылдық кәсіпкерлердің атынан әлеуметтік аз қамтылған 140 от басыға азық-түлік себеті үлестірілді. Айта кететін болсақ мұсылмандар мерекесінің қарсаңында басталған акцияда қазіргі уақытқа дейін 690 отбасыға азық-түлік пакеттері берілді. Аталмыш акция аясында шамамен 1000 отбасыны қамту көзделіп отыр. Карантин талаптарына сәйкес, көп адамдардың шоғырлануына тыйым салынғандығына байланысты, қала ерікті жастары аталған көмек жинағын мұқтаж отбасыларға және қаламыздың 11 округінің бас инспекторларының ат салысуымен округтегі мұқтаж жандарға пакеттер таратылып, арнайы санаттағы отбасылар қамтылды.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері қаламызда түрлі акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді. Шахарда тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестіруде. Игі шараны қайырымды жандар жалғастырып, елімізде жалпы әлемде болып жатқан індетті бірге жеңуге және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу бұл әр бір адамның азаматтық борышы екенін сезіну арқылы қолдау көрсетуден тынбайтындарын еріктілеріміз ашық жеткізуде. Қазіргі қысылтаяң кезең кімге де болсын оңайға тиіп жатқан жоқ. Әсіресе, уақытша табыс көзінен айырылған отбасылар үшін ауырлық туғызғаны сөзсіз.

Көмек алған отбасылар қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға ізгі тілектерін білдіріп, ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп, алғыс айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.