Жалпақтөбелік жомарт жандардың жәрдемі

0

Әлемді көрінбейтін індет жайлағанда батылдық көрсетіп, мамандығына адалдық танытқан ақ халатты абзал жандарды бейбіт күннің батырлары деп бекер айтып жүрген жоқпыз-ау.
Бүгінде қараша халық дәрігерлеріміздің аты жаман дертпен күресуде көрсеткен ерлігін, науқасқа ем қондырып, өздері діңкәләп, кейбірі ажал құшқанын көріп, алғыс-алқауын іс жүзінде көрсетуді жөн керген секілді.
Жалпақтөбелік жомарт жандардың жасаған жақсылығы туралы «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің ауданымыздағы өкілі Идрис Юнусовтың айтуынша, қолы ашық азамат Абдумалик Шарипов ауылдық емханада жұмыс жасайтын 68 қызметкерге 50 келі қартоптан үлестірсе, жеке кәсіпкер Тахир Мұсаев пен Хаким Умаров дәрігерлерге кір жуғыш құрылғысын сыйға тартып, шексіз ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.