Таразда кезекті 100 отбасыға азық-түлік табысталды

0

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер атынан көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік пакеті табысталды. Еске салсақ, өткен аптада басталған аталмыш акцияның бірінші күнінде мұндай жинақ 200 отбасыға берілген болатын.⠀⠀
⠀⠀
Бұл жолы қаланың 11-округіне жататын Құмшағал, Шөлдала секілді аумақтағы арнайы санаттағы отбасылар азық-түлікпен қамтылды. Карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп, қолдарына табыстады. ⠀⠀
⠀⠀
Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.