Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

0

Бүгін Аса ауылында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қымызмұрындық іс-шарасы өтті. Бастауын «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінен алған жоба жоғары деңгейде ұйымдастырлды. Жобаның мақсаты әлемді әбігерге салған COVID-19 індетіне шалдыққан науқастар мен олардың денсаулығының сақшысы болған ақ халатты абзал жандарға қолдау көрсету мақсатында өтті.
Шараға аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» еркітілері белсенділік танытты.
Сонымен қатар жобаның жүзеге асуына демеушілік жасаған аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылығы да игілікті істің басынан табылды. Арнайы дайындалған 50 литр қымыз, ыстық тоқаш, жеміс-жидектер пакеттері аудандық орталық аурухана қызметкерлеріне табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.