Қараша халыққа қарайласуда

0

Үміттің үзігін жалғап, көңіл көкжиегіне сәуле түсіретін қайырлы амалдарды көріп, естігенде көкірегіміз жайлана береді екен.
Осы соңғы екі апта ауданымызға құт керуені ұзағынан аялдады десек артық айтқанымыз емес. Ләйім, меймандап, келе берсін. Дәл қазір қараша халық жақсылыққа, жан жадыратар жаңалықты керек етіп тұр.
Аты жаман індет әр үйді қоналқа етіп, шаңырақтың шамын сөндіруді мақсат еткен. Халық екі өкпеден қысқан дертке дауа іздеп, абдырап қалды. Дәл осы кез қолы ашық, жаны жомарт, елім деп көкірек ұратын елжанды азаматтардың төбе көрсететін уақыты. Солай болды да.
Екінші аптаның өзінде ауданымызға гуманитарлық көмектер легі бірінің артынын бірі келе берді.
Күні кеше Жалпақтөбелік жеке кәсіпкерлер Хайрулла Азимов пен Нуридин Нуров ауылдың ілкімді азаматтарының басын қосып, жергілікті халыққа тиісті ем-домға қажетті оттегі шоғырлатқыш аппаратын сыйға тартты.
Құны 700 мың теңгені құрайтын құрылғыны ауылдық бастапқы санитарлық-медициналық көмек орталығына табыстады.
Сонымен қатар халық қажетіне 400 бетперде үлестірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.