Кәсіпкерлер көмегі жетті

0

Иесін іздеген қайырымдылық керуені аудандық орталық ауруханаға табан тіреді.
Әлем халықтарына сес көрсеткен аты жаман селебені жұқтырған азаматтарға қолдау білдіру мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациясының кәсіпкерлері өңірге қарасты барлық аудандарға гуманитарлық көмек жіберді.
Бұл жағымды жаңалықпен коорпорацияның баспасөз хатшысы Серік Жұмабек бөліскен еді.
– Демалыс күндері барлық аудандарды қамтып, жомарт жандардың аманатын табыс етуді жоспарлап отырмыз. Бүгін Жамбыл ауданына 70 қорап дәрі-дәрмекті жеткіздік. Сондай-ақ тұрмыстық табысы төмен, ем-домға мұқтаж азаматтарға тегін таратылуын аурухана дәрігерлеріне тапсырдық, – деді Серік Дәрменұлы.
Еске сала кетсек, өткен аптада Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Сағынтаев пен «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің басшылары ауданымызға 5 дана оттегі шоғырлатқыш аппаратын сыйға тартса, олардың ізін суытпаған кәсіпкерлер жағымды жаңалықпен қараша халықты қуантып отыр.

Ақжігіт Жетпісбай

Leave A Reply

Your email address will not be published.