Атадан қалған мұра – мәңгі

0

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстандағы жеті қазынаның жеті қырын, мəн-мағынасын талқылап ашады. Бұл қазақ халқының мəдениеттілігін, дəстүрі мен байлығын сұрыптап ұрпаққа жеткізу мақсатындағы мақала деп білемін. Мақаланың жеті қырын атап айтатын болсақ, атқа міну тарихы, ұлы даладағы ежелгі метталургия, аң стилі, алтын адам, түрік əлемінің бесігі, ұлы Жібек Жолы жəне Қазақстан алма мен қызғалдақ отаны.
Жылқыны алғаш рет қолға үйреткен қазақ елі екені дəлелденген. Ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ жылқыны қолға үйретіп, барар жеріне көлік ретінде тізгіндеген. Мініп қана қоймай сусыны шөл қандырады деп, қымызын да жолға ала жүрген. Атқа мінудегі мəдениеті де ерекше орындалады. Себебі ертоқымды да өзінің жоралғысына қарай салынып төселеді.
Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді». «Аң стилі.Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған.Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан.
Алма мен қызғалдақ өз жерімнің алма дəмін кіргізіп тұрса қырдағы қызғалдағымыз сəнін келтіріп тұрғаны анық. Алма таулы сулы жерде өсетіндіктен таулы Алматының апортына жетері жоқ. Екеуі де көктем мезгілінде гүлдеп құлпырып ерекше бір сəнімен көрікті. Сары кілемдей жайылған қызғалдаққа еріксіз көзің түсіп, ерекше көңіл-күйге бөленесің.
Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің нағыз байлықтары осы екендігін түптеп ашып берді. Бұл біздің ұмытылмас ұрпақтан-ұрпаққа жетер мақтанарлықтай жеті қырымыз деп білемін.
Ұлжан
КӨШЕН.

Leave A Reply

Your email address will not be published.