Депутаттар көмек көрсетті

0

Әлемді дүр сілкіндірген коронавирустық инфекция біздің елді де әбігерге салды. Бұндай жағдаймен біз бірінші рет ұштасып отырмыз. Және осыдан кімнің қандай екені де байқалып жатыр. Мәселен, жағдайды пайдаланып, артық ақша табудың амалын жасап, қара бастың қамын ойлап жүргендерді де көрдік. Бірақ қалай десе де жанашыр жандар жоқ емес екеніне де көзіміз жетуде.
Өткен сенбіде аудандық мәслихат хатшысы Ержан Өмірәлиев бастаған аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері жинаған қаражатқа құны 611 мың теңге тұратын Медпрогресс фирмасынан «Armed» оттегі аппараты сатып алынып, аудандық аурухананың инфекциялық бөліміндегі ашылған провизорлық бөлім науқастарының жағдайына көмек болсын деген ниетпен тарту етілді.
— Бүгінде еліміздің жаны жомарт азаматтары коронавирустық инфекциямен ауырып жатқан азаматтардан көмектерін аямауда. Солардың қатарында біздің шулықтар да бар екендігін атап айтқым келеді. Біз де игілікті істен шет қалмай халық жанашырлары ретінде қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз, — деп атап өтті Ержан Көрікбайұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.