Жамбыл облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілуде

0

Жас пен кәріге қарамай, жақындарымызды жалмап жатқан коронавирусқа қарсы төтеп беруде жұмыла жұдырық болып, істің берекесін арттырудың маңызы зор. Қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығы медициналық нысандардың жұмысына аяққа киілген кісендей кедергі тудырғаны рас. Сондықтан, халыққа күн-түн демей көмек көрсетіп жатқан медициналық мекемелерге дәрі жеткізу акциясы қолға алынды.
Осылайша, қала әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қаржылық қолдауының нәтижесінде қаладағы 9 емханаға дәрі-дәрмек топтамасы табысталды. Айта кету керек, препараттармен қамтамасыз ету халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық акциясы болып табылады. Кәсіпкерлердің демеушілігімен жалпы саны 560 азамат дәрі-дәрмек пакетімен қамтылатын болады. Пакеттегі дәрілер 7 күнге арналған және оның нарықтағы бағасын есепке алмағанда өзіндік құны 7825 теңгені құрайды. Атап айтсақ, №1 «Жанұя» емханасы (50), №2 (50), «Садыхан» ОКДМО (50), №4 (50), №5 (100), №6 (70), №7 (70), №8 (50), №9 (70) сынды медициналық нысандар игі шарамен қамтылды.
Адамдардың көптеп шоғырланбауын қарастыратын карантин жалғасып жатқандықтан, жоғарыда аталған азаматтарға дәрі-дәрмек топтамасын жеке табысталмай, олар препаратты емханада арнайы тестілік дәрі егуден кейін өз қажетіне алатын болады.
Жеткізілген дәрі-дәрмек қатарында ксарелто, осельтамивир акрихин, зитрокс секілді қымбат препараттар да бар. Олардың кейбірінің бағасы 7 мың теңгеден басталады. Сол сияқты, цефтриаксон, дексаметазон, новокаин секілді дәрі егуге арналған ерітінділер де емханалардың қажетіне берілді. Бір ғана №5емханаға жеткізген дәрі-дәрмектің жалпы құны 27 млн теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.