Асықсаң, асарға асық, ағайын!

0

Күн қамы, отбасының күйі, жұмыс жайынан бөлек айналамызға көз жүгіртсек ағайын, қайырымды амалдар төбе көрсетіп жатыр. Тек зер салып, көре білсек болғаны. Қолғабыс ету, жыртыққа жамау болу сонау ата-бабамыздың ұстанған ұстанымы деп жатыр қазіргілер. ХХІ ғасыр есті сөздердің ұмтылып, қайырлы істердің азайған заманы дейтін жандарға Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбелік тұрғындардың жоғарыдағы қарекетін қуана көрсетер едік. Халық қайырымды амалдардан алшақтаған жоқ. Тек сол ілкімді істерді көретін көз жұмылып, құлақ саңылау болып, қолымыз өзіміздің қотырымызды қасуға дағдыланса керек.
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасы Жамбыл ауданында жүйелі жолға қойылды десек, тұрғындардың бүгінгі әрекеті сөзімізді дәлелдей түскен.
Ауыл әкімі Асылбек Қонаровтың айтуынша, ауылдық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдары бірігіп, ауылдағы жағдайы төмен отбасын анықтап, жаны жомарт, қолы ашық жандарға үй салуға көмек көрсетуіне қолқа салған.
Бүгінде жер учаскесі анықталып, іргешағалы төселіп, іргетасы өздеріңіз көргендей қаланып үлгерді.
Айрандай ұйыған ауылдың бүгінгі қарекеті, ертеңгі у-шудан құлақ тұнар тұрғын үйге айналатыны сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.