Шіліңгір шілдеге қарамай асарға асыққан бесағаштықтар

0

Бұл суретте кейбіріміз жәй ғана тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын көріп отыруымыз мүмкін. Бірақ, мұндағы жұмыстың асқан мейірімдікпен, тонның ішкі бауындай ұйымдасқан көпшіліктің көмегімен салынып жатқанын біріміз білсек, біріміз білмейміз.
Назарларыңызда Бесағаш ауылдық округінің қолы ашық азаматтары мен тұрғындардың тұрмысы төмен отбасына салып жатқан баспанасы.
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасына үлес қосқан бесағаштықтар жер телімін рәсімдеп, іргетасын тұрғызып, қабырғаларын қалап, шатырдың сызбанұсқасын әзірлеп жатыр.
Шіліңгір шілденің ми қайнатар ыстығына қарамастан қайырымды іске қайырылған халықтың қарасы қалың. Арасында кірпіш қалаушы, сыбақшы, шатыр жобалаушы да бар. Көрші-қолаң ағарған айранын ұсынғанын көріп, бағзы заманнан бері қазақпен бірге жасасып келе жатқан ата-дәстүрімізді де байқадық.
Біз осындағы игі іске иілген азаматтарды сөзге тартқанбыз.
— Қайырымды тірлік тиянағын тауып, баспана иесінің қуанышын көрсек, арман-тілегіміз орындалар еді, — дейді асарлатушылар.
Айрандай ұйыған бесағаштықтардың бұл әрекетін ауданымыздағы бірқатар ауылдық округтер қолдап, берекелді бастаманы жалғап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.