Талапқа бағынбағандар жауапқа тартылуда

0

Мойынқұм ауданында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында құрылған аудандық мониторингтік топ мүшелері аудандағы объектілерді зерделеу және түсінік жұмыстарын жүргізуді күшейтті. Мойынқұм аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бір объектіге 462 баптың 3 тармағымен 1 хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Сотта қаралу үстінде.
07.07.2020 жылдан бастап жүргізілген түсіндірме жұмыстары барысында 3 объектіге ескерту берілді. Талап бұзушылық анықталған 4 объекті арнайы есепке алатын құқықтық статистика тіркеліп, 4 хаттама толтырылды. 333360 теңгеге айыппұл салынды. Әкімшілік іс қозғалып, түсініктемелері алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.