Құқықтық ақпарат беру

0

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тегің заң көмегін алу мәселелерінің бірі- құқықтық ақпарат беру (бұдан әрі – заң). Құқықтық ақпарат беру — белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін заң көмегінің түрі. Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы және білдіруі болып табылады. Құқықтық ақпарат беру міндеті- бұл әр тұлғаларға проблемалық құқықтық жағдай бойынша толық, дұрыс, атаулы, қолжетімді құқықтық ақпарат беру. Заңды ақпараттандыру құқықтық ақпараттың жетіспеушілігін толықтыру, тұлғада бар күмәндар мен түсініспеушіліктерді жою; ақпарат алу нәтижесінде құқықтары мен міндеттерін ескеріп, оларды іске асыру тәсілдері және проблемалық құқықтық жағдайды еңсеріп, заң көмегін алушы тұлғаның құқықтық санасын жетілдіру. Жоғары да аталған заңға сүйене отырып, тегін мемлекеттік құқықтық кепілдендірілген заң көмегін алу, құқықтық ақпараттандыру бұл әр тұлғаның нақты заң көмегімен шешілетін істермен жүгінгенде заң көмегін алуына қолжетімді болады.

Г.АЙНЕКОВА,

Талас ауданаралық Әділет басқармасының жетекші маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.