Архившілер арасындағы онлайн конференция

0

Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиеваның және облыстағы он үш архивтің басшылары сондай-ақ, архивте көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты мамандарының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде видеоконференция өтті. Конференцияның басты мақсаты: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларымен танысу, аталған заңдағы өзгерістер мен талаптар туралы. Конференция барысында архившілер арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты туындаған әртүрлі мәселелер қызу талқыланды, көкейдегі сұрақтар қойылды, өзгерістерге байланысты ортақ шешім қабылданып, бұдан әрі жүргізілетін жұмыс барысы жүйеленді. Осы уақытқа дейін «Айқын» бағдарламасына тіркеліп отырған, қағаз жүзінде келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттары, оның ішінде алыс-жақын шет ел азаматтары мен ұйымдарынан келген барлық сұраныстар аталған заңға сәйкес енді www.e.gov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталына тіркеледі және оны орындау да веб-портал арқылы жүзеге асырылады. Ал, Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы, яғни жеке тұлғалар мен олардың сенімді өкілдері /нотариус бекіткен сенім хат негізінде/ қай аймақта болсын бұрынғыша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және www.e.gov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өз сұраныстарын архивке жолдай алады. Аталған заңға сәйкес, көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі. Заман талабына сай жаңа форматта өткізілген жиында, архив мамандары бетпе-бет жүздесіп отырып, пікір алмасты, басшылық тарапынан мазмұнды кеңестер берілді.

Зағиша ШЕКЕРБЕК, Талас ауданы мемлекеттік архивінің архившісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.