Білімгерлердің бос уақыты тиімді өтті

0

ЕЛІМІЗДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН 16 НАУРЫЗДАН БАСТАП ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАРЛЫҚ ОҚУ ЖҮЙЕСІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНА УАҚЫТША КӨШІРІЛГЕН БОЛАТЫН. КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНҒАННАН БАСТАП КҮНДЕЛІКТІ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫНДА ОНЛАЙН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

«Тәрбие тал бесіктен басталады», демекші қашықтан оқыту жүйесі кезінде тәрбиелік іс- шараларды өткізу және сапалы ұйымдастыруға көмек көрсету, тәрбиелік іс-шара өткізуде білімгерлерді көптеп қамтамасыз ету, сабақтан тыс тәрбие қызметінде және білімгерлерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және өткізу, олардың арасындағы өзекті мәселелер бойынша маңызды іс-шараларды ұйымдастыру басты назарда болды. Бүгінде Қаратау құрылыс- техникалық колледжі тәрбие жұмысын 8 бағытбойынша жүргізіп, оның ішінде «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты бағдарламалары аясында қазақтың салт- дәстүрлерін дәріптеумен қатар, ұлттық тағамдарын насихаттау, кітап оқу байқауы, эссе жазу, қылқалам шеберлерінің сурет салуы, түрлі акциялар мен мастер класстар, салауатты өмір салтын насихаттау, жобалар мен дебаттар және апта сайын өтілетін тұрақты тәрбие сағаттары қамтылып, онлайн жүйесінде өтіліп отырды. Қашықтан іс-шаралар ұйымдастыруға колледж білімгерлері де біршама төселіп, тәрбиелік мәні зор бағдарламалар жасады. «Біз біргеміз», «Үйде болыңыз», «Мақсат –коронавирустың таралуын үзу» хэштектері мен челлендждер ұйымдастырылып, кәсіптік техникалық білім беру мекемелеріне жолданса, «Барлығы балалар үшін» акциялары, ҚР мемлекеттік рәміздері мерекесіне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты іс -шаралар өтілді. Колледждің ерікті жастары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Индира Қожамбаевамен бірлесіп «Ерікті болу- ерлікпен тең», «Biz birgemiz!» ұранымен көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, сонымен қатар әлеуметтік тұрмысы төмен білімгерлердің отбасылары мен жетімдерге қажетті азық- түліктер мен бетперделер таратып үлестірді. «Әлемдік пандемия кезінде бір-бірімізге жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлігімізді сақтау – әрбір азаматтың парызы деп білеміз!»,- дейді волонтерлер. Топ жетекшілеріміз оқу топтарында жан-жақты жұмыс жүргізе отырып, тәрбиелік іс-шаралар, ағымдағы аттестация бойынша үлгермеушілермен жұмыс, студенттердің ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасады. Патриоттық, рухани, экологиялық, этномәдени, танымдық-интеллектуалдық, мәдени-эстетикалық тағы басқа түрлі бағыттардағы тәрбие сағаттары өткізілді. Ата-аналармен ватсап, видео қоңырау, ZOOM бағдарламалары арқылы «Отбасы-тәрбие іргетасы », «Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері » сынды тақырыптарында жиналыстар өткізілді. Білімгерлердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жасалған іс-шараларда өзінің тобымен белсене атсалысып, ұтымды әрі пайдалы және сапалы шараларды ұсынған Б.Таңатарова, М.Жаңбырбай, М.Қырғызбаев, И.Қожамбаева, Ж.Изтилеуова, Е.Қамысбаев сияқты топ жетекшілеріміздің еңбегін айтпау мүмкін емес. Колледждегі жүргізілген барлық тәрбие үрдістерінің нәтижесінде жоғарғы кәсіби біліктілікті, адамгершілігі мол, әлеуметтік белсенділігі жетілген, мақсат-мұраты биік жеке тұлға қалыптасады деген ойдамыз.

Индира ҚОЖАМБАЕВА,

Қаратау құрылыс- техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.