Ұлт болашағы үшін жасалған ұтымды жоба

0

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА! — ЖАС МАМАНДАРҒА БЕРІЛГЕН ЖАҢА МҮМКІНДІК». БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — АУЫЛ — АЙМАҚТАРДЫ ҚАЖЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК, ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. ЖАС МАМАНДАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨТЕРМЕ АҚЫСЫ ТӨЛЕНІП, БАСПАНА АЛУЫНА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ.

«Дипломмен ауылға» жобасында түлектерге жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтауы парыз. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға тамаша мүмкіндігі туды. Ауыл — қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп. Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек, қазіргі дағдарыс жағдайында бізді асырайтын – ауыл, ауылда жұмыс болу үшін, қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет», — деп ашық та анық айтқан болатын. Қажетті білімді меңгерген, ауылдың абыройын көтеретін, өмірін өзгертетін жігерлі жас болуы тиіс. Ауылдың әлеуметіне қанық, жағдайына жетік бола тұрып, сол елдің ертеңі үшін аянбай еңбек ету сізге міндет. Жаны отансүйгіштік сезіміне сусындаған, бойына елжандылық қасиеті тараған жас ұлы істерді ұқыпты жасауға даяр. Ал, бұл қасиеттер әрбір азаматтың бойында мектеп жасынан қалыптасады. Яғни, жобаның бастауы- мектеп деп айтуға толық негіз бар. Жасты мектеп қабырғасынан бастап туған жерді сүюге, құрметтеуге, адал қызмет етуге тәрбиелесек, үздіктерімізді іріктеп, жоғары оқу орнын таңдауда пайдалы кеңес ұсынсақ, барынша жан-жақты қолдау жұмыстарын ұйымдастырсақ, бертін келе ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы негізінде келешекте көп сұранысқа ие болатын мамандықтарға, қабілет пен дағдыға сай бейімдеу шараларын жүргізсек, жоғары оқу орнына түскен соң да қаперден шығармай байланысты байытсақ, жас маманның туған еліне тура тартатыны анық. Тамды ауылының тумасы Қырқымбаева Ботагөз Мухаймадиярқызы 2011 Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық- техникалық университетін бітіріп, Тамды ауылына туып-өскен жеріне, білім алған қара шаңырақ алтын ұя мектебіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас маман боп келді. Жоғарыда аталған оқу орнының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын иегеріп, Қойгелді атындағы орта мектебінде еңбек етіп келеді. Ботагөз Қырқымбаева өз сөзінде мен бұл бағдарламамен мұқият танысып шығып, еңбек жолымды ауылдан бастасам деген ниетпен және өз туған жеріме үлесімді қосуға ат салысқым келеді деп өз ойын білдірген еді. Білім беру саласында қызмет ете отырып, Тамды ауылындағы түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысып келеді. Ауыл өркендесе, еліміз көркейеді. Бұл мемлекеттің жастарға беріп отырған үлкен мүмкіндігі, ертең жоба өз нәтижесін берген уақытта аға буынның жастарға деген көзқарасының өзгеретіні, құрметпен қарайтыны анық. Қорыта айтқанда, жастардың ауылдың тіршілігімен, ондағы халықтың өмірімен таныс болғаны дұрыс. Бүгінгі ауылда қызмет етіп жүрген жас, ертең билік басында отыратын басшы. Ол қабылданған шешімнің қалалық жерде қалай, ауылдық жерде қалай жүзеге асатынын білуі керек. «Көзімен көріп, қолымен ұстап білген» маманды ғана маман деп атауға болады. Ендеше «Дипломмен ауылға» жобасы кадр біліктілігіне қатысты көзге көріне бермейтін, бірақ маңызы зор мәселелердің шешімін табуға ықпал ететіні сөзсіз.

Ақбөпе МАЕМАРОВА,

Тамды ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі аға инспекторы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.