Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде

0

Аудандық Қоғамдық кеңесі 2020 жылдың жоспарына сәйкес 6 айдың ішінде 7-і іс-шара өткізді. Атап айтқанда аудан әкімі Б.Қазанбасовтың «2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары және 2020 жылы алда тұрған міндеттер туралы» мәслихат хатшысы А.Төлебаевтың, Қоғамдық кеңес төрағасы А. Бектайдың жыл ішінде атқарған жұмыс есептері тыңдалып, қоғамдық кеңестің 2020 жылға жұмыс жоспары бекітілді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша атқарылған жұмыстары (сәулет, қала құрылысы және құрылыс пен білім бөлімдері) және аудандық қаржы бөлімінің 2019 жылы бөлінген қаражаттың игерілуі талқыланды. Одан бөлек екі мәселе, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Таза-Талас» мекемесінің жұмысы қаралды. Отырыстардың нәтижесінде екі ұсыныс берілді, ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жұмысын алдағы отырыстарда қайталап қаралуы және «Таза-Талас» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 2019 — 2020 жылдары бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізіліп, анықтамасы дайындалып, қорытындысы Қоғамдық кеңестің келесі отырысына ұсынылды. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 7 және 21-баптарын басшылыққа алып, халықты хабардар ету үшін өткен отырыстар жайлы және қабылданған шешімдер, отырыс өтетіні туралы хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарына 10 мәлімет жіберілді, оның ішінде «TALAS tynysy» газетіне — 7 және qkenes.kz@gmail.com ресми сайтына — 3. Жыл басынан 15 нормативтік- құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, 3 арыз-шағым, өтініштер түсті, оның ішінде бір топ такси жүргізушілердің мәселесі оң шешімін тапты, ал қалған екі өтініш (пәтер алу кезегі жайлы және жайылым жерлерді қайтару бойынша) мемлекеттік органдарға жіберіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті жерлерде туындаған проблемалық мәселелерді талқылау үшін қала, ауыл тұрғындарымен 65 кездесу өткізіліп, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Талас ауданындағы құрылыс нысандарының сапасын бақылау үшін Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге қоғамдық бақылау тобы құрылып, жұмыс жасауда. Жыл басынан 45 кіріс, 71 шығыс құжаттары реттелді.

М.ҚАРҒАБАЕВА,

Талас аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.