Сенімге селкеу түспесін

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Ana tili» газетіне арнайы берген сұхбаты дәл қазіргі үрей мен сенімсіздік белең алған уақытта көзі ашық, көкірегі ояу тұлғаға жол сілтер бірден-бір келелі сұхбат болғаны анық. Мемлекет те, халық та бір орында тұралап қалса, болашағымызға үлкен қауіп төнерін анық жеткізген Мемлекет басшысы тек осы індетті ойлап, тоқтап қалмау керегін дөп басып айтты. Мемлекет болашағы үшін шын жанашыр адам «Ana tiline» деген қамқорлықты да бірінші орынға қойғаны абзал. Ұрандатып, даурықпай-ақ, аз сөйлеп, көп іс тындыру қажет заманда тіл саясатын дұрыс жолға қойған мемлекетімізге сенім артып, тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, оны мақтан ету, қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуымыз қажет екенін сұхбатта Қасым-Жомарт Тоқаев жан-жақты түсіндіріп берді. Мемлекет басшысының саясат құмарлықты басып, еңбекке ұмтылуымыз қажет деген пікірі мен үшін ең ұғымы терең сөз болды. Расымен, біз — жастар,тарихымызды да дәріптеп, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, жан-жаққа жалтақтық сынды жаман әдетті басып ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, дәуірінде тек еңбек арқылы алға ұмтылуымыз қажет.

Ұлжан ЖҰМАБЕК, белсенді жас.

Талас ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.