Түркі әлемінің жүрегі

0

Сән-салтанаты келіскен Нұр-Сұлтан қаласы-ел мақтанышы. Жыл сайын сәулетіне сән қосылып келе жатқан астанамыз қазіргі таңда күллі әлем біледі. Бұл- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің жемісі деп бағалағанымыз жөн. 20 жылдан астам уақыт ішінде арқа төсінде көшкен ел астанасы адам танымастай көрікке енді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен қала Нұр-Сұлтан деп өзгерді. Шын мәнінде, шаһардың іргесін қалауда, бүгінгідей шырайлы қалаға айналуына Елбасының сіңірген үлесі аз емес.Түркияның астанасында өткен Елорданың мерейтойына қатысты алқалы басқосуда шетелдік қоғам қайраткерлері Елордадай қала салуға бастама көтерген Нұрсұлтан Назарбаевтың батырлығы мен ерен еңбегін бағалай отырып, қаланы «Түркі әлемінің жүрегі»- деп атапты. Қалай десек те, көңіл өсіретін сөз. Бүгінде мұндағы халық саны 1 миллионнан асып жығылды. Адам санының аз ғана уақытта осылай артуы, Елорданың айбынын асырды, еңсесін биіктетті. Заманауи үлгідегі архитектуралық нысандарды мерзімді баспасөз немесе көгілдір экраннан көрген баланың өзі Нұр-Сұлтан қаласы екенін жазбай таниды. Жыл сайын астанаға сапарланған жолаушылардың немесе білім алуға аттанған жастар қатарының артуы жаңа бой көтерген шаһардың еңсесін одан әрі көтере түсетіндей. Біз бұған әрине, қуанамыз. Болашақта Нұр-Сұлтан мемлекеттің әкімшілік орталығы ғана емес, төрткүл дүниеден туристер ағылып келетін сәні мен сәулеті келіскен қала болатындығына сенемін.

Индира СЕЙІЛБЕК,

Талас аудандық №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.