Тәуелсіздік туындысы

0

Құрметті таластықтар!

Баршаңызды Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болып отырған, жаһан жұрты жанарын төсеген Елордамыз – Нұр-Сұлтан күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел астанасын Қазақстан мен Еуразияның қақ ортасы – Арқаның төріне көшіру туралы шешім, ел экономикасының ең қиын кезеңі – 1995 жылы қабылданды. Бұл болашақты болжай білетін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі болды. Қазақ елінің жүрегі – Нұр- Сұлтан жаңа тарихымыздың бастауы болды. Қаланың бас жоспарын тікелей басшылығына алған Тұңғыш Президент астанамыздың бас архитекторы болғанын да мақтанышпен айтуға тиіспіз. «Ұлы әрі кемел тұлғаларды ұлы өзгерістер дәуірі туғызады»- деген осы. Бүгінгі Нұр-Сұлтанды және ол арқылы Қазақстанның даму жолының дұрыстығын әлем мойындады. Бұл қазақтың басына ауып қонбай, тауып қонған тәуелсіздігіміздің арқасы. «Бақыт-бағасын білгеннің басына тұрақтайды», — дейді Елбасы. Нұр-Сұлтанның қазіргі ажары көргеннің көзін сүріндіріп, еріксіз таңдай қақтырады. Шығыс пен Еуропа архитектуралық стилін бір ортаға үйлестірген астанамыз кімге де болса қуат беретін, құлшындыратын алып күш, қазақстандықтардың құтты мекені, талмас тағдыры.

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді мерекемен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке- бірлік, әр істеріңізге сәттілік тілейміз!

Б. ҚАЗАНБАСОВ, Талас ауданының әкімі,

А.ТӨЛЕБАЕВ, Талас аудандық мәслихаттың хатшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.