Дала жұмыстары кезінде қауіпсіздік сақтайық

0

АУДАНЫМЫЗДЫҢ БАРЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖҰМЫСТАРЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТҰРҒЫНДАР ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАТАҢ САҚТАУЛАРЫ КЕРЕК.

Астық және жем- шөп жинау кезінде өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жем-шөпті дайындау, тасу және сақтау орындарын ені 6 метр қорғау жолақтарымен жырту керек. Ол жолақтар маялардан 15 метрден кем емес қашықтықта болу тиіс. Жеке маялардың да 10 метр қашықтықта жыртылған қорғау жолақтары болу қажет. Астық алқабының жанында өрт болған жағдайда арнайы аудан әкімімен бекітілген кестеге сәйкес ерікті өрт сөндіру жасағын өрт сөндірушілер арнайы киім, қажетті жарақтарымен, арнайы автокөліктермен соқалы тракторларды дайын ұстау керек. Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау-бұл сіздің игілігіңіздің, сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі! Өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай!

Еркін БИЗАҚ,

Талас ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны.

Leave A Reply

Your email address will not be published.