Ата Заң – елдігіміздің еңсесі

0

БҮГІНДЕ ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚТАР БОЛЫП ЖАТҚАНЫН ОП-ОҢАЙ БАҚЫЛАП ОТЫРАСЫҢ.

Соның ішінде, кейбір елдердегі жағаңды ұстап, жаныңды ауыртатын жайларға да жолығасың. Тіпті, ондай көріністер көптеген елдерде орын алып жатқанын байқағанда өз еліміздің бейбіт өміріне шүкірлік етесің. Ал, сол еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың негізгі тетігін ұстап тұрған біздің тұғыры биік Ата Заңымыз десек болады. Ата Заңда еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп анық көрсетілген. Яғни, біздің елімізде қандай да бір қылмыс жасалса да кейбір елдердегідей қатыгездік пен аяусыздыққа жол берілмейді. Барлығы Заң шеңберінде шешіліп, тіпті оның да құқықтары қорғалады. Ал, кейбір елдерде тірі жәндікке қимайтын жауыздықты ел алдында жасап жатқанын көріп, жанымыз ауырады. Осы кезде еліміздің Ата Заңына тағы бір мәрте құрмет көрсетіп, осы елдің басқарып отырған Елбасына ризашылығымызды арттыра түсеміз. Өйткені, біздің еліміз құқықты мемлекет. Бүгінгі Конституциямыздың алтын жібі аталарымыз ұстанған сара жолдан басталады. Арғы аталарынан сабақтаса келіп, тектілік пен төреліктің төріне шыққан Керей мен Жәнібек хандар сонау 1465 жылы тіршілік көзі – қос өзен Шу мен Талас алқабында алғаш рет ресми түрде Қазақ хандығын құрып еді. Бұл қазақ жеріне көз тігіп, халқына мұрын шүйіре қараған жауларға көрсетілген сұсты сес болатын. Осылайша, «Еркін», «Ерікті», «Тәуелсіз», «Ер», «Азат» деген ұғымды білдіретін атау тұңғыш рет халық атауына лайық келді. Қазақ өз алдына ел болып, отау тікті, шаңырағын көтерді. Яғни, Ата Заңымызда жазылғандай, біздің әу бастағы демократиялық басты құндылығымыз – бостан- дық, еркіндік, тәуелсіздік деген ұғымдармен астасып жатыр.

А.ОСПАНОВА,

Талас аудандық тілдерді оқыту орталығының меңгерушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.