Айыппұл өндіру шарасы қолға алынды

0

Аудандық полиция бөлімімен жүргізілген талдау негізінде, бұрын анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша аудандық соттың және полиция бөлімінің қаулыларымен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмысы деңгейін жақсарту мақсатында, әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерімен аудан аумағында «Борышкер-2020» профилактикалық акциясы ағымдағы жылдың маусым айында өткені белгілі. Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, борышкер тұлғалардың мекен-жайларына барып, әкімшілік айыппұлды өндіру жөнінде ескертулер жасап, бұрыннан бері өндірілмеген әкімшілік айыппұлдардың төленуі туралы талап етілді. «Борышкер-2020» профилактикалық акциясымен белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аудандық полиция бөлімінде арнайы штаб құрылып, нақты атқарылатын жұмыстың жоспары әзірленіп, бұл тұрғыда қойылған тапсырмаларды барынша орындауға полиция бөлімінің жеке құрамы қызметкерлері жұмылдырылды. Олар құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кәсіпорындар, ұйымдармен, мекемелерде жұмысшылар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің негізгі ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарыда ұйымдастырылған болатын. Іс-шараны өткізгенде, әкімшілік практика саласына қатысты мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетіліп, осы бағытта заң аясында кеңестер беру және осындай іс-шараны өткізу арқылы әкімшілік айыппұлдар өндіру жұмысы көрсеткішін ұлғайту бойынша, жаңадан салынған айыппұлдар сомасының 50 пайыз мөлшеріндегі айыппұлдарды жеті тәулік ішінде төленген жағдайда, жеке тұлға оның екінші жартысын төлеуден босатылатындығы туралы түсіндірілді. Салынған әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген жағдайда, борышкер тұлғаға қатысты арналған іс мәжбүрлі түрде өндіріп орындау мақсатында аймақтық жеке сот орындаушыларына жіберілетінін ескертеміз. Сондықтан, әкімшілік айыппұлдарды қазіргі кезеңге дейін төлемеген (өндірмеген) әр азаматқа борышын уақтылы өтеу керектігін айтамыз.

Р. ҚОНЫС,

Талас АПБ әкімшілік полиция бөлімшесі инспекторы, полиция аға лейтенанты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.