Жемістің өзегі – еңбекте

0

Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың республикалық «Ана тілі» газетіндегі «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» тақырыбында берген кемел ойлы сұхбатын оқып, үлкен әсерге бөлендім, мазмұнды мәселелерден ой қорытып, біраз нәрсенің байыбына барғандай болдым. Көп мәселе әңгіменің арқауына айналыпты. Соның ішінде, еңбекке байланысты айтылған пікірлер мені қатты толғантты. «Біз қоғамның еңбеккерлерге деген көзқарасын түпкілікті өзгертуіміз керек. Әрбір еңбек құрметке лайық болуы қажет» ,-деп баса айтты Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сұхбатында . Мемлекет басшысы еңбек туралы өз ойын саралай келіп, «Халық алғысы» деген мемлекеттік награда дайындап, « Еңбек Даңқы» орденінің мәртебесін көтеру жөнінде шешім қабылдағанын да жеткізген. Мемлекет басшысының еңбек адамдарына деген оң көзқарасы еңбек етемін деген жанның бойына күш-жігер берері сөзсіз. Бұл бір жағынан , өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың болашағына жол ашу екені де белгілі. Еңбек еткеннің еңсесі биік болатынын жас ұрпақтың түйсігіне түйіп өскені абзал. Қасым-Жомарт Кемелұлы еңбек еткеннің ел құрметіне бөленетінін түсіндіре келіп, еңбекке баулу идеологиясын жан-жақты насихаттауды негізгі мақсат етіп қою керектігін баса айтты. Жұмыспен қамту жол картасы әзірленіп, оны іске асыру үшін 1 триллион теңге жұмсалатынын да баяндады. Жалқаулық пен кертартпа әдеттен, масылдықтан арылып, адал еңбекті серік етуді басты ұстаным етуді түсіндірген Мемлекет басшысының бұл сұхбатын дер кезінде қозғалған маңызды әңгіме дер едім.

Айгүл ОШАҚБАЕВА,

«Қазақтелеком» АҚ Талас ауданы бойынша сату тобының маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.