Баспасөз қызметкерлерін құттықтады

0

Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай аудан әкімі Бақыт Қазанбасов «Талас тынысы» газеті редакциясының ұжымын қабылдады. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуде жиылғандар алдымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың онлайн арқылы құттықтауын тыңдады. Мұнан соң Бақыт Алпысбайұлы баспасөз қызметкерлеріне жасап жатқан еңбектері үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Кездесу соңында Б.Қазанбасов БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты «Талас тынысы» газеті редакциясының іс жүргізушісі Гүлдерайым Әлімжановаға аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.