Азаматтарға көмек жалғаса береді

0

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және кірісін арттыру шаралары туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізді. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің басты мақсаты- тұрмысы төмен отбасыларға ақшалай көмек төлей отырып, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өз ісін бастауға оқыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жеке кәсіппен айналысуға ынталылар үшін қайтарымсыз гранттар беру. Бүгінгі күнгі еңбек нарығында сұраныс болмай отырған мамандық иелерін қайта оқыту, яғни кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасау арқылы оларды өмірлік қиын жағдайдан шығаруға ықпал ету болып табылады. Айта кетер жайт, жеке кәсіп ашуға ниет білдіріп, қайтарымсыз грант алған отбасылардың жеке кәсібінен түскен табысы алты айдан кейін отбасының жиынтық табысында ескерілетін болады. Бүгінгі таңда қайтарымсыз грант алуға үміткер атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған, көпбалалы отбасылар саны артуда. Өз кәсібін дөңгелетіп, тұрмысын түзеуге ниетті үміткерлердің толық әрі нақты ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығынан алуына болады. Мекен-жайымыз: Талас ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы». Қаратау қаласы, А.Молдағұлова 26/1.

Гауһар БЕРІКБОСЫНОВА,

Тала ауданы әкімдіг «Халықты жұмыспен қамту орталығының» маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.