Ауыл тұрғындарының көкейде жүрген сауалдары мен ұсыныс-пікірлері  тыңдалуда

0

Ойық ауылы, Т.Рысқұлов көшесіндегі мәдениет үйінің алдында аудан әкімі, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық прокуратура, полиция бөлімі мен халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдерінің қатысуымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілуде.

Қабылдауға келген ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарына құлақ түрді. Үміт артқан тұрғындар қабылдау барысында: жер телімін алу, ауылішілік жолдар, кәсіпкерлікті  жүргізу, ауыз су  сынды бірқатар мәселелерді атап өтті.

Өз кезегінде  қоғамдық қабылдау мүшелері әрбір өтінішті зерделеп, шешу жолдарын қарастыратындықтарын жеткізді.

Қоғамдық қабылдау барысында барлық  санитарлық талаптар сақталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.