Кең көлемде ұйымдастырылған сенбілік

0

Ойық ауылдық округі  әкімі аппаратының ұйымдастыруымен саябақтар мен скверлерді  көріктендіру, көшелерді, арықтар мен атыздарды санитарлық тазалау,  күл-қоқыс орындарын жою қолға алынып,  ауыл ішінде жаппай сенбілік өткізілді.

«Тазалық табалдырықтан басталады» демекші,  сенбілікке 12 мекеме қызметкерлері  және  13 көшенің  тұрғындары мен Тұрымқұл, Сейілбек ауылдарының тұрғындары да  тазалауға  бір кісідей атсалысты.

«Көпбосын» ЖШС мекемесімен келісе  отырып, арнайы техникалардың көмегімен ауылдық   округ бойынша бір күнде    40 тонна мал қилары мен күл-қоқыстар шығарылды. Көп жылдан бері жиналып қалған қилар мен қоқыстан  көп жерлер тазарып қалды. Өйткені, ауру біткен осы қилардан, көндерден тарайтыны белгілі. Осы іс-шараны өткізуге  техникамен қамтамасыз еткен «Көпбосын» ЖШС басшысы Жәлел Керимкуловқа ауыл тұрғындары  атынан алғысымызды білдіргіміз келеді.

Каблет Даулетбаков,

Ойық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.