Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Достық үйіне барды

0

Елбасы «Өңірлердің Астанаға тартуы» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы қайта жөндеуден өткізген қалалық Достық үйін аралап көрді.

Қазақстан Президенті елорданың этномәдени орталықтарының өкілдерімен және Маңғыстау облысының көрнекті қоғам қайраткерлерімен әңгімелесті.

– Еліміздің барлық өңірінде Достық үйлері бар. Онда облыстардың этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Енді бас қаланың да Достық үйі болады. Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Достық үйінің эскиздік жобасын таныстырды. Онда кітапхана, музей, халықтық қолданбалы өнер шеберханалары, конференц-зал және тілдерді оқыту орталығы үшін арнайы орындар қарастырылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 4 мың шаршы метр.

akorda.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.