Күрес бәрімізге ортақ

0

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық құндылықтардың басымдық алғанын көрсететін дағдарыс. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналды.

Әрбір қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес бүкіл қоғам­ның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс. Мемлекет пен қоғамның ты­ғыз серіктестігі ғана сыбай­лас жемқорлыққа қарсы тұру­ға негізін қалайтындығы анық. Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар – тиісті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туғызбайды.

Мемлекеттің сыбайлас жемқор­­лыққа қарсы саяса­тының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қар­сы стратегиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру жұртшылықтың кең қатысуымен атқарылуы тиіс.

Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V ҚРЗ, 2015 жылғы  23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» № 416-V ҚРЗ Заңдарын,  мемлекеттік қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 153 Жарлығын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалардың талаптарын қатаң сақтап, жұмыс атқаруда.

Бөлімде жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік қызметкер­лер­дің этикасын бақылау кітабы арналған, жеке және заңды тұлғалардың өтініш­терін қабылду жәшігі орнатылып, сенім телефоны жұмыс істейді. Бөлім басшы­сы және мамандардың жеке сұрақтар бойынша кел­ген азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын бекітіліп, аудандық «Талас тынысы» газетінде жариялануда.

Сонымен қатар, бөлімде сыбай­лас жемқорлыққа қар­сы күрес бұрышы орнаты­лып, ҚР мемлекеттік қызмет­шілер­дің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп­тілік нормаларына сәй­кес мемлекеттік қызметкер­лерінің мінез-құлқында этика­лық нормалардың орны­ғуын, өзіне тапсы­рылған  жұмысында жеке жауапкершілікті арттыру саясаты жүргізілуде.

Ауданбек Тауасаров,

аудан әкімдігі кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.