Мәселені парамен «шешу» жақсылыққа апармайды

0

Ежелден сыбайлас жемқорлықтың  түп-тамыры   шағын сыйлық  жасаудан басталса керек. Қымбат сыйлықтар адамдарды бір-бірімен  салыстырмалы  бәсекеге түсіріп,  сый -құрмет көрсету арқылы қалай да болсын әркім өз дегеніне жетіп отырған.

Қазір  бұқаралық ақпарат құралдарының беттеріне көз жүгірте отырып жемқорлыққа байланысты қылмыстың беті ашылғанына куә боласың. Жекелеген жағдайларда «майлы жіліктің басына»  ие болған тұлғалар жеке мүддесін қоғам, мемлекет мүддесінен жоғары қояды.

«Сын түзелмей, мін түзелмейді»,- дейді ата-бабамыз. Сын айтылмаса, яғни міннің болмағаны. Сонда бұл мәселенің шешуі қалай болмақ? Жалғыз күштік құрылымдар бұл дерттің емін таба ала ма?

Қоғамдағы жат қылықтарды осы қоғамның ортасына талқылауға салып,  жілігін шағатын бұқаралық ақпарат құралдарының көп жағдайда ресми ақпарат берумен шектеледі. Нәтижесінде орын алған ақпараттық дефицитті қанағаттандыру үшін тұтынушылар әлеуметтік желіге жүгінеді. Ал әлеуметтік желіде әркім өзі редактор, өзі тілші, өзі зерделеуші. Олардың барлығы ұлт мүддесін қорғайтынына кім кепілдік береді? Бұл кеңістіктегі жағдай керісінше өзгермей жемқорлықпен күрестің де төрт қанаты түгел деп айтуға болмайды. Яғни, кез-келген жемқорлық туралы мәліметке байланысты уәкілетті орган немесе осы мәліметтің негізгі кейіпкері болған тұлға ресми БАҚ-та жауап беру тиісті.

Тұтас қоғамның бітіспес күресі ғана сыбайлас жемқорлықты шектеуі мүмкін.

Егістік қараусыз қалса арам шөптер қаптайтынын ұмыт­пайық, ағайын.

 

 К.Қарабаева,

Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.